Бадамша агротехникалық колледжі туралы ақпарат.
Бадамша агротехникалық колледжі Қарғалы ауданында кәсіптік және техникалық білім беретін, ауылшаруашылық өндірісіне қажетті мамандарды даярлайтын оқу орны болып келеді. Колледжде 4 мамандықтың 6 біліктілігі бойынша оқытуға лицензиясы бар. Олар:
- 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)
3W07150501 Электр газымендәнекерлеуші
- 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру
- 3W07161601 Слесарь жөндеуші
3W07161603 Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист
- 10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру
3W10130301 Кондитер-безендіруші
3W10130302 Аспазшы
- 04110100 Есеп және аудит
3W04110101 Бухгалтер-кассир
Колледждің шығу тарихына тоқталатын болсақ, ол 1935 жылы Алімбет ауылында ФЗО (Фабрикалық зауыттық оқыту) құрылып, слесарь, токарь, тракторшы, комбайыншы мамандықтарына оқытылған. 1953 жылы ФЗО ауыл шаруашылық министірлігінен Техникалық және кәсіптік білім бері жүйесіне берілді. 2002 жылы колледж Алімбет ауылынан Бадамша ауылына көшіріліп қазіргі ғимараттың үшінші қабатының жартысында орналасқан. 2012 жылдан бастап «Бадамша агротехникалық колледжі» МКҚК атана бастады.
Колледждің материалдық техникалық базасы
Колледждің ғимараты типтік емес, бейімделген болып саналады. Ғимараттың жалпы ауданы 1617 шаршы метр. 50 орындық бөлек асхана, 60 орындық акт залы, спорт залы, спорт алаңы, оқу залы бар кітапхана, компьтерлік кабинет. Жатақханада жатып оқитын студенттер - отбасы аз қамтылғандар, жетімдер және ата-анадан қамқорсыз қалған балалар. Оларға күніне облыстық бюджеттен 480теңге көлемінде бөлінген қаражатқа үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Барлығы жеті оқу кабинеттері, екі зертхана және екі шеберхана бар. Оқу кабинеттері мен зертхана интерактивті тақталар мен басқа да жабдықтармен жабдықталған.
Оқыту кабинеттері;
- Жолда жүру ережелері
- Тракторлармен автөколік және техникалық қызмет көрсету
- Арнайы технология және электротехника
- Информатика және математика
- Физика және химия
- Алғашқы әскери дайындық
- Қазақ тілі мен әдебиет және Қазақстан тарихы
Зертханалар;
1.Тағам дайындау технологиясы
2.Тракторлармен автөколік және техникалық қызмет көрсету
- Шеберханалар;
- Слесарлық
- Дәнекерлеу
Практикалық оқыту барысы кезінде колледж қажетті техникалармен жабдықталған (эксоватор ЭО2626, газ-53 автокөлігі, газель автокөлігі, Нива шевролет автокөлігі, заз шанс автокөлігі және де басқа ауылшаруашылық техникалалар).
Ынтымақтастық туралы меморандумдар
Өндірістік оқытумен арнайы пән сабақтарын өткізу үшін колледжіміз Хромтау тау кен колледжімен, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі және Ақтөбе құрылыс колледждермен бекітілген меморандум бойынша оқыту жүргізілуде. Сондай-ақ балалар жасөспірім спорт мектебі, №1Бадамша орта мектептебі, аудандық кітапхна, мәдениет үйімен келісілген меморандумдар бойынша дене шынықтыру сабақтары, кластан тыс мәдени іс-шаралар өткізілуде.
Әлеуметтік серіктестер
Колледж әкімшілігі жыл сайын өндірістік тәжірибе, өндірістік оқыту барысын нығайту мақсатында аудандық ауыл щаруашылық мекемелермен әлеуметтік серіктестік туралы келісім шартқа қол қойылады. Олар:
«Степное» ЖШС, «Ди лэнд» ЖШС, «Бадамша сервис» МКҚК, Қарғалы аудандық аурахана, «Степное алтын астық» ЖШС, «Қайрақты» ЖШС, «Көктем» ш/қ, «Кудря» ш/қ, «Союз крестьян» ш/қ, «Нұр» ш/қ, «Тассай» ш/қ, «Қуағаш» ш/қ, жеке кәсіпкерлер Кокачашвили, Комбаков, Тлеукулова. Олардың ішінде бес әлеуметтік серіктестермен(«Степное» ЖШС, «Жосалы Агро» ЖШС, «Көктем» ш/қ, «Кудря» ш/қ, «Қуағаш» ш/қ,) дуалды оқыту жүйесі бойынша ауылшаруашылық өндірісінің тракторист-машинисі мамандығы бойынша келісім шартпен жұмыс жасалуда.
Жетістіктер
Колледж студенттері кәсіптік және техникалық білім беретін колледждер арасында спорттық, пәндік олимпиядаларында, Республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларында, кәсіби шеберлік конкурстарына қатысып, жүлделі орындар алады.
Жұмысқа орналасу көрсеткіші
Колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы орташа 82% құрайды. Олар Қарғалы ауданының ауыл шаруашылық мекемелеріне жұмысқа жолданады. Коледждің соңғы үш жылда түлектекрдің жұмысқа орналасу көрсеткіштері мынадай:
2017жыл-40түлек оқу аяқтады. Жұмысқа орналасу көрсеткіші 82,5%(33түлек)
2018жыл-58түлек оқу аяқтады. Жұмысқа орналасу көрсеткіші 82,7%(48) құрайды.
2019жыл-38түлек оқу аяқтады. Жұмысқа орналасу көрсеткіші 84,2%(32) құрайды.