Колледжде Ашық есік күні өтті !!!
Кәсіптік білім беру мекемесін таңдағанда, мектеп түлектеріне оқу орнының барлық артықшылықтарын көру, білім беру процесіне көзқарастың маңыздылығын және жеке дамудың одан әрі мүмкіндіктерін, сондай-ақ таңдаған қызмет саласындағы болашақ маман ретінде оны жүзеге асырудың перспективаларын бағалау маңызды.
"Ашық есік күні" біздің оқу орнымыздың қабырғаларына аудан мектептерінің 210 түлегі келді.
Бүгінгі оқушылар, ал ертеңгі студенттер оқу жүріп жатқан мамандықтар мен кәсіптер туралы әңгімені қуана тыңдады, оқуға түсу тәртібі туралы ақпарат алды.
Колледж қонақтарына колледж туралы бейнеролик, студенттік өмірден үзінділер, аудан кәсіпорындарымен ынтымақтастық туралы ақпарат көрсетілді. Спорт залында барлық спорт үйірмелері көрсетілді: теннис, баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика.
Болашақ оқуға түсушілер үшін "Аспаз, кондитер-безендіруші", "Электргазбен дәнекерлеуші", "Слесарь-жөндеуші"мамандықтары бойынша студенттер мен ө/о шеберлерімен мастер-класстар ұйымдастырылды.
Болашақ студенттер біздің оқу орнымыздың атмосферасына еніп қана қоймай, сонымен қатар колледж әкімшілігі мен оқытушылар құрамына, сондай-ақ студенттердің өздеріне өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға, білім беру бағдарламалары, қабылдау және оқыту шарттары туралы білуге мүмкіндік алды.
https://badamsha-college.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/113-kolledzhde-ashy-esik-k-ni-tti.html#sigFreeIdd81e1dbb1e