2022 жылдың 28 желтоқсанында Бадамша агротехникалық колледжінде Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Колледж директоры Қ.С.Қарағұлов 2022 жылғы оқу-тәрбие жұмысын қорытындылап, 2023 жылдың ақпан айына жоспарланған колледждің мемлекеттік аттестациясына колледждің дайындығы туралы өзіндік баға берді. Қамқоршылық кеңес мүшелері оқушылармен профилактикалық жұмыстарды жүргізу, әлеуметтік қорғалмаған топтардан шыққан балаларға көмек көрсету және қолдау көрсету, балалардың оқуы, жұмыс істеуі және демалуы үшін қолайлы санитарлық-гигиеналық тұрмыстық жағдайлар жасау мәселелері бойынша жауаптар алды. Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарлары жарияланды.